Елорда • Кеше

Астанада жыл басынан бері 338 заңсыз қоқыс орны жойылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл жыл басынан бері елорда аумағында 338 заңсыз қоқыс орны анықталып, полигондарға 400 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Қала әкімдігі заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау, мониторинг жүргізу ісі қатаң бақыланатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жыл басынан бері 338 заңсыз қоқыс орны жойылды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Атап айтсақ, Алматы ауданында 30 учаске тазартылып, шамамен 25 мың тонна қоқыс шығарылған.

Байқоңыр ауданында 47 заңсыз қоқыс орны жойылып, 40 мың тонна қалдық полигондарға жеткізілген.

Есіл ауданында 89 заңсыз қоқыс орны жойылып, 150 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Сарыарқа ауданында 19 орын тазартылып, шамамен 32 мың тонна қоқыс шығарылған. Аталған ауданда заңсыз қоқыс орындарын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Нұра ауданында 104 орыннан 104 мың тонна қоқыс шығарылған.

Ал Сарайшық ауданында 49 заңсыз қоқыс орны жойылып, 50 мың тонна қалдық полигондарға жеткізілген.

IKomek жүйесі арқылы құрылыс алаңдарынан қоқысты заңсыз тасымалдау және белгіленбеген жерлерге төгу деректері анықталып, құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Осы жылдың 11 айында қоқысты рұқсатсыз төккені үшін 43 жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 11 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Ал абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін 31 952 құқық бұзушы 53 миллион 590 мың теңгеден астам айыппұл арқалаған.

Қоғамдық орындарды ластағаны үшін 13 276 адам жауапқа тартылып, 446 миллион теңге көлемінде айыппұл өндірілген.

Соңғы жаңалықтар