Фото: Ашық дереккөз
Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары стратегиялық маңызы бар мемлекеттік инфрақұрылымға жасалған шабуылдарды ашық түрде ақтаған. Мәжіліс депутатының пікірінше, мұндай әрекеттер сөз бостандығына берілетін конституциялық құқық шегінен асып, ұлттық мүдделерге нақты зиян келтіреді.
Айдос Сарым Бас прокуратурадан аталған жарияланымдарға құқықтық баға беріп, оларды терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бап) немесе мемлекеттік опасыздық (ҚР ҚК 175-бап) ретінде қарастыруды сұрады.
Сонымен қатар, депутат халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мұнай құбырлары мен елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін аса маңызды өзге де инфрақұрылым нысандарын жоюға шақыратын ақпаратты таратпау керектігін түсіндіруді ұсынды.
Айта кетейік, Каспий құбыр консорциумы – Қазақстан мұнайын экспорттаудың негізгі бағыты. Ел жыл сайын осы құбыр арқылы кемінде 60 миллион тонна мұнай жөнелтеді. Қазіргі уақытта Қазақстан шабуылдан кейінгі шығындарды есептеп жатыр. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, шабуыл салдарынан кем дегенде 480 мың тонна мұнай өндірілмей қалған.
Еске салсақ, 29 қарашада Астана уақытымен 06:06-да Новороссийск порты ауданында КҚК-ның теңіз инфрақұрылым нысандарына экипажсыз жүзу құралдары арқылы шабуыл жасалған еді. Нәтижесінде теңіздегі қашықтағы айлақ қондырғысы ВПУ-2 (қалқымалы тиеу құрылғысы) айтарлықтай зақымдалды. Ермек Көшербаев КТК-ға жасалған шабуылды Украина тарапымен талқылады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов КТК-ға толыққанды балама жоқ екенін, ал өзге бағыттар тек жүктің белгілі бір бөлігін ғана тасымалдай алатынын айтқан еді.