Елорда • Кеше

Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада құны 14 млрд теңге болатын Ұлттық геологиялық қызметтің зертханалық кешенін салу жоспарланып отыр. Кешен құрамына аналитикалық зертханалар мен керноқойма кіреді, деп жазады Egemen.kz.

Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады

Фото: pexels.com

Президент тапсырмаларын орындау аясында саланың инфрақұрылымын дамыту жоспарлары туралы вице-министр Иран Шархан Үкіметтің қорытынды баспасөз мәслихатында хабарлады. Сонымен қатар заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс қолға алынған. Сенатта жер қойнауы туралы кодекске цифрлық жер қойнауын пайдалануды және электрондық аукциондарды енгізуді көздейтін түзетулер қаралып жатыр.

«Жаңа инфрақұрылым мен заңнамалық база бірыңғай ғылыми-техникалық платформаны қалыптастыруға, аналитиканың сапасын арттыруға және геология саласының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Иран Шархан.
Соңғы жаңалықтар