Жақында бір күннің ішінде 3 жүргізуші мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Оларға қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, сот шешімімен 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полицейлер мас күйде көлік құралын басқару жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылық екенін айтады. Рейдтік шаралар барысында анықталып жатқан мұндайларға жаза қатаң. Өйткені ереже бәріне ортақ.