Президент • Бүгін, 19:33

Президент Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және оның отандастарын Қатар Мемлекетінің ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент жеделхатында Қазақстан Қатарды араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктесі ретінде қарастыратынын жеткізіп, сындарлы және мазмұнды қарым-қатынастың жоғары қарқынмен нығайып келе жатқанын атап өткен. Сондай-ақ екіжақты байланыстың ілгерілеуіне Қатар Әмірінің қосқан үлесін ерекше бағалайтынын мәлімдеген.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына құт-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00