Экономика • Бүгін, 09:44

Үкіметте келер жылғы экономикалық өсімді қолдау тетіктері қаралды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Кеңесте 2025 жылдың қорытындысы бойынша болжам және 2026 жылы экономикалық өсуді қолдаудың тәсілдері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Үкіметте келер жылғы экономикалық өсімді қолдау тетіктері қаралды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі өңдеу салалары динамикасы металлургия саласында болжамды өсім (өңдеу құрылымында 40%) – 1,1% , машина жасау (17,5%) – 12%, тамақ өнеркәсібі (13,1%) – 9%, құрылыс материалын өндіру (5,6%) – 6%, химия өнеркәсібі (5,4%) – 6%, жеңіл өнеркәсіп (0,7%) – 5%-ды көрсеткен.

Штаб отырысында негізгі экономикалық өсу драйверінің бірі ретінде өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту болжамына ерекше назар аударылды. Түсті және қара металлургияны дамыту перспективасы, «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша қаржыландырылатын жобаларды іске асыру, өңірлердегі инфрақұрылымның жай-күйі және сала өсімінің тұрақтылығына әсер ететін басқа да факторлар қаралды.

Өңірлердің ресурстық және инфрақұрылымдық әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану қажет екендігін ескере отырып, вице-премьер экономикалық өсу үшін аса маңызды өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын дайындауды тапсырды. Сауда-саттықта несиелік кредиттік индекс (НКИ) 11 айда 8,8% өскен болатын. Осы көрсеткішті ескергенде жыл қорытындысы бойынша (НКИ) – 8,9% болуы мүмкін.

Сауданың өсуіне жинақталған үлестің шамамен 72%-ын бес аймақ қамтамасыз етеді: Алматы – 24,6 трлн теңге (автомобильдер, машиналар мен жабдықтар саудасы, фармацевтикалық өнімдер, шоколад); Астана – 10,9 трлн теңге (табиғи газ, дизель отыны, авиациялық бензин мен керосин, ет және сүт өнімдерін сату); Атырау облысы – 6,7 трлн теңге (мұнай өнімдері, машиналар мен жабдықтар); Қарағанды облысы – 4,5 трлн теңге (фармацевтикалық тауарлар, машиналар мен жабдықтар, косметикалық өнімдер); Шымкент – 3,6 трлн теңге (фармацевтикалық өнім, ЖЖМ, АӨК өнімі).

760 мыңға жуық бизнес субъектісі бар бөлшек сауда құрылымында жеке кәсіпкерлердің тауар айналымы – 10%-ға өсіп, 8,2 трлн теңгеге жетті. Жедел деректер бойынша, 11 айдағы онлайн сату көлемі – 3,3 трлн теңге. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда – 14,4%-ға артық.

Ауыл шаруашылығы барлық бағыт бойынша тұрақты өсуді көрсетіп отыр. 11 айдағы қорытынды бойынша НКИ – 106,1%. Өсу жыл қорытындысы бойынша – 5% деңгейінде болуы ықтимал. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 3%-ға артық.

Орташа республикалық деңгейден жоғары өсу Ақмола (115,7%), Қостанай (115,4%), Солтүстік Қазақстан (110,5%), Павлодар (108,2%), Атырау облыстарында (107,4%) тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20