Оқиға • Кеше

Жамбыл облысында шекарадан 30 келі есірткі өткізбек болған шетелдік ұсталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысындағы «Айша бибі» өткізу бекетінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есірткінің ірі партиясын заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті. Шекарашылар көліктің жасырын бөлігінен жалпы салмағы 30 келіден асатын түрлі заттар тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында шекарадан 30 келі есірткі өткізбек болған шетелдік ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

14 желтоқсан күні «Айша бибі» өткізу пунктінде шекаралық бақылау кезінде техникалық құралдардың көмегімен бір көліктен күдік тудыратын заттар табылды. Автокөліктің жасырын бөліктерінде «999» таңбасы бар 36 қап есірткі заты жасырылған екен.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізілген сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың жалпы салмағы 30 келіден асқаны расталды. Атап айтқанда, 0,999 келі героин, 3,620 келі апиын және 25,949 келі гашиш есірткілері анықталды.

Бұл дерек бойынша шетелдік азамат ұсталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. 

Соңғы жаңалықтар