Фото: istockphoto.com
Статистикалық деректерге сүйенсек, үшінші тоқсанда бір адамның орташа табысы 364,6 мың теңгеге жеткен. Алайда, осы қаражаттың едәуір бөлігі күнделікті қажеттіліктерге жұмсалады. Атап айтқанда:
- Азық-түлікке: 169 мың теңге (шығынның 52,3%-ы);
- Азық-түлік емес тауарларға: 69 мың теңге (21,3%);
- Ақылы қызметтерге: 58 мың теңге (17,9%). Оның ішінде коммуналдық төлемдер айына шамамен 4,9 мың теңгені құрайды.
Кейбір аймақтарда тұрғындардың азық-түлікке жұмсайтын қаражаты жалпы шығындарының 60%-нан асып кеткен. Көш басында Түркістан облысы тұр: мұнда бюджеттің 61,1%-ы (айына 42,9 мың теңге) тамаққа жұмсалады. Екінші орында Жетісу облысы – 60,1% (айына 63 мың теңге). Ал Жамбыл облысында бұл көрсеткіш 59,7%-ды құраса, Шымкент қаласында тұрғындар шығынының 57,9%-ы ас-ауқатқа кетеді.
Азық-түлік себетіндегі шығындардың көшбасшысы – ет өнімдері. Орташа есеппен ел тұрғындары айына етке 18 мың теңге жұмсайды (бұл тамаққа кететін барлық шығынның 35%-ы). Одан кейінгі орындарда нан мен жарма өнімдері (7,5 мың теңге) және сүт өнімдері (5,5 мың теңге) тұр.