Мультимедиа • Бүгін, 12:20

Енді Netflix платформасында FIFA ойнауға болады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) стримингтік Netflix платформасымен бірлесіп, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының басталуына орай жаңа футбол симуляторын іске қосады. Бұл туралы ФИФА президенті Джанни Инфантино мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Енді Netflix платформасында FIFA ойнауға болады

Фото: FIFA/Netflix screenshot

Ойын осы жазда, футболдан әлем чемпионатына орай шығады. Ол тек Netflix Games платформасында эксклюзивті түрде қолжетімді болады.

Netflix жазылымы бар барлық қолданушылар ойынды тегін ойнай алады. Ол үшін тек телефон мен Netflix аккаунты қажет. Ойынды жеке немесе достармен онлайн режимде, тікелей теледидар арқылы ойнауға болады. Ойын Netflix-тегі фильмдер мен сериалдардың қатарында орналастырылады.

Жобаның басты мақсаты – осы уақытқа дейін жасалған ең қызықты, ең қолжетімді және ең ауқымды футбол симуляторын ұсыну. Ойынға қатысты толық ақпарат релизге жақын уақытта жарияланады.

Айта кетейік, FIFA ойын сериясын 2023 жылы Electronic Arts компаниясымен серіктестігі аяқталғаннан кейін өз бетінше дамытып келеді. Бұл ынтымақтастық 1993 жылдан бері жалғасқан болатын. Ал жаңа ойын сериясын Delphi Interactive компаниясы әзірледі.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20