Фото: kz.kursiv.media
Аталған дизельдегі күкірттің массалық үлесі 115 мг/кг-ды құраған. Ал рұқсат етілген норма 50 мг/кг-дан аспауы тиіс болған.
Осы заңбұзушылықтарға байланысты уәкілетті орган сотқа талап арыз жолдады. Сот кәсіпкерді техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін ДТ-Л-К4 маркалы дизель отынының тәркіленген өнімін иелену, пайдалану құқығынан айыру туралы шешім қабылдады.
Енді кәсіпкер қолданыстағы заңнаманы сақтай отырып қауіпті дизель отынын өз қаражаты есебінен жойып немесе қайта өңдеуі, не ел аумағынын шығаруы тиіс.