Футбол • Кеше

«Қайрат» Чемпиондар лигасының шешуші кезеңі алдында жаңа қақпашы сатып алады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық «Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының плей-офф матчтары қарсаңында бразилиялық жаңа голкипермен толығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» Чемпиондар лигасының шешуші кезеңі алдында жаңа қақпашы сатып алады

Фото: vesti.kz  

Бразилия нарығынан таңдалған ойыншылар

Алматылық ұжымның басшылығы бразилиялық бірнеше ойыншымен келісімге келген, алайда олардың есімдері әзірге құпия. Белгілі болғандай, жаңадан қосылатын ойыншылардың бірі – қақпашы, ал екіншісі – әмбебап алаң ойыншысы. Жаңа қақпашыны шақыруға қазіргі голкипер Жоао Паулоның аяқпен ойнау мүмкіндігінің шектеулілігі себеп болған. Бұл қазіргі заманғы футзал үлгісінде команданың шабуылдағы тиімділігін төмендетеді деп есептеледі. Ал екінші ойыншы Аргентина құрамасының бұрынғы мүшесі Кевин Ариеттаның орнын басуы тиіс.

Ширек финалдағы қарсылас – «Картахена»

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының ширек финалына 5 желтоқсанда Алматыда өткен матчта бельгиялық «Спортинг-Андерлехтті» 5:3 есебімен жеңіп жолдама алған болатын. Енді 1/4 финалда отандық клуб Испанияның «Картахена» командасымен кездеседі. Былтырғы маусымда алматылықтар бұл ұжымды жартылай финалда 3:2 есебімен қапы қалдырған еді.

Турнир кестесі

Еурокубок додасының ширек финалдық алғашқы ойындары 2025 жылдың 23 ақпанында, ал қарымта кездесулер 6 наурызда өтеді. Бұл кезеңнен өткен командалар 8 және 10 мамыр күндері Италияның Пезаро қаласында өтетін финалдық кезеңде бақ сынайды.
Соңғы жаңалықтар