Қоғам • Кеше

Инфляцияның әсері: 2025 жылдың үшінші тоқсанында халықтың нақты табысы төмендеген

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы үшінші тоқсанда орташа айлық табыс 108,2 мың теңгені құраған. Төрт тоқсандық есеп бойынша орташа жалпы табыс 324,6 мың теңге болған. Номиналды өсім жылына 8,5%-ды құрағанымен, инфляцияны есепке алғанда нақты табыс үшінші тоқсанда -3,4%-ға төмендеген, деп жазады Egemen.kz.

Инфляцияның әсері: 2025 жылдың үшінші тоқсанында халықтың нақты табысы төмендеген

Фото: istockphoto.com

Инфляция жоғары болған кездер. Табыстың төмендеуі үш рет байқалған

Нақты табыстың төмендеуі инфляцияның жоғары болған кездерінде ғана үш рет байқалған. Ең ұзақ кезең 2015-2017 жылдары болып, 9 тоқсанға созылған. Қысқа мерзім – 2022 жылдың 4-ші тоқсаны (-1,9). 2025 жылғы үшінші тоқсан (-3,4%).

Аймақтар бойынша көрсеткіш

Ең қатты төмендеу көрсеткіші – Астана (-8,9%), Актөбе (-8,1%), Алматы (-7,6%) қалалары бойынша байқалған. Алайда, соған қарамастан, ең жоғары табысқа ие қала Астана (509,4 мың теңге), Алматы – 462,9 мың теңге.

Өсім тіркелген өңірлер: Жамбыл +3,4%, Қостанай +1,8%, Ақмола +0,4%.

Табысы өзгермеген жалғыз өңір – Алматы облысы.

Табыстың құрылымы

Табыс тек еңбекақы ғана емес, оған жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы, әлеуметтік көмек, отбасылық қаржылай қолдау, мүліктен түсетін табыс қосылады.

Бірақ жалпы табыстың 75%-ы еңбек табысынан келеді.

Айта кетелік, орташа көрсеткіш әрбір жеке адамға қатысты нақты жағдайды сипаттамайды.

Соңғы жаңалықтар