Фото: Ашық дереккөз
Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,8 балға жеткен. Жер сілкінісінің ошағы теңізде, Баку қаласы мен Қара-Боғазкөл шығанағының аралығында орналасқан.
Volcanodiscovery.com дерегінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,1 балл болған, ал ошағы 57 шақырым тереңдікте анықталған.

Айта кетейік, 12 тамыз күні де Каспий теңізінде 3,2 балдық жер сілкінісі болған еді.