Фото: скриншот
Желіде тараған кадрлар бірден назар аудартты. Себебі футуристік дизайнымен танылған Tesla Cybertruck Қазақстанда сирек кездеседі, ал төтенше жағдайлар қызметінің белгілерімен жүруі көпшілікті таңғалдырды. Кейбір қолданушылар бұл көлік құтқару қызметінің қажеттіліктеріне бейімделуі мүмкін деген болжам айтты.
Алайда әзірге ресми органдар тарапынан электромобильдің ТЖМ құрылымында пайдаланылатыны жөнінде нақты ақпарат берілген жоқ. Тиісті ведомстволар да бұл жағдайға қатысты түсініктеме жасаған емес.
Айта кетейік, Tesla Cybertruck – толықтай электр қуатымен жүретін, жол талғамайтын көлік. Ол жоғары корпусымен, жүк көтергіштігімен және экстремалды жағдайларға төзімділігімен ерекшеленеді. Осы қасиеттері оны әскери, құтқару немесе арнайы қызметтерге қызықты көлікке айналдыруы мүмкін деген пікірлер де айтылып жүр.