Қысқы спорт • 24 Желтоқсан, 2025

Елімізде шаңғыдан Қазақстан кубогі басталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Щучье қаласында шаңғыдан Қазақстан кубогы басталды. Бұл турнирде республикамыздың 11 аймағынан жиналған 150-ден аса спортшы бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде шаңғыдан Қазақстан кубогі басталды

Қазірдің өзінде спринт бағдарламасы бойынша бәсекелер аяқталып, үздіктер анықталды.

Ерлер арасындағы жарыста бас жүлдені Константин Борцов олжалады.

Күміс медаль Сұлтан Базарбековке бұйырса, қолаға Дастан Қалыбеков қол созды.

Әйелдер сайысында Анна Мельник алтыннан алқа тақса, Надежда Степашкина күміспен күптелді.

Ал Дарья Ряжко үздік үштікті түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар