Президент • Бүгін, 17:17

Президент: Астана басқа аймақтарға үлгі болуға тиіс

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Oxford Economics 2025 рейтингінде Астана Азия құрлығында 36-орын алғанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент: Астана басқа аймақтарға үлгі болуға тиіс

Фото: Ашық дереккөз

«Жан басына шаққандағы өңірлік жалпы өнім көрсеткіші көңіл көншітерлік. Oxford Economics 2025 индексіне тоқталайын. Бұл зерттеулер әлемнің ең ірі мың қаласын экономика, адам капиталы, тұрмыс сапасы, қоршаған орта және басқару санаттары бойынша бағалайды. Астана Азия құрлығында 36-орынға жайғасса, әлем бойынша 276-орынға тұрақтап, өңіріміздегі бәрімізге белгілі қалалардың алдына шықты.

Бірақ бұған тоқмейілсуге болмайды. Өйткені әлеуетіміз зор. Біз үнемі алға жылжуымыз керек. Сондықтан дәл осы индекс бойынша келесі жылы Астананың өз рейтингісін жақсартуға мүмкіндігі бар деп есептеймін. Соның арқасында біздің Азиядағы рейтингіміз де артады. Бұл біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын», деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Астана басқа аймақтарға үлгі болуға тиіс.

«Шаһардың экономикалық белсенділігі күшейіп келеді. Бұл – жақсы үрдіс. Соған сәйкес әкімдікке және мүдделі мемлекеттік органдарға жаңа міндеттер жүктеледі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Абайлықтар баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 21:14