Қоғам • Кеше

Қазақстанда теледидар көру 21%-ға артты

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлттық Медиа Қауымдастығының 2025 жылғы зерттеу нәтижелері Қазақстанда теледидар аудиториясының айтарлықтай өскенін көрсетті, Әсіресе шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер негізгі өсім нүктесіне айналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда теледидар көру 21%-ға артты

Фото: istockphoto.com

Бүгін Алматы төрінде Ұлттық Медиа Қауымдастығы (ҰМҚ) құрылтайшылары конференциясының биылғы қорытынды отырысы өтті. Жиын барысында 2025 жылға арналған базалық зерттеу нәтижелері таныстырылып, «ТВ-индекс: шағын қалалар мен ауылдар» панелі бойынша тестілік режимнің түйінді есептері сарапталды

НМА деректеріне сәйкес, Қазақстанда теледидар көру деңгейі айтарлықтай артқан. Кеңейтілген телевизиялық өлшеулердің қорытындысы бойынша елдегі жиынтық теледидар аудиториясы 21%-ға өсті. Бұл өсімнің негізгі үлесін шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер қамтамасыз еткен.

2025 жылдың қазан айында НМА K Research Central Asia компаниясымен бірлесіп, теледидарлық өлшеудің кеңейтілген форматын іске қосты. Алғаш рет зерттеуге елдегі шағын қалалар мен ауылдар енгізілді. Бұған дейін телевизиялық өлшеулер тек халқы 100 мыңнан асатын 21 ірі қалада ғана жүргізіліп келген.

Зерттеу нәтижелері теледидардың әлі де кең күнделікті аудиториямен байланыс орнатудағы басты коммуникациялық арналардың бірі болып отырғанын дәлелдеді. Өңірлерде теледидар көруге жұмсалатын орташа уақыт жоғары: шағын қалалар мен ауылдарда тұрғындар теледидар алдында күніне орта есеппен 198 минут өткізеді. Бұл ірі қалалардағы көрсеткіштен 21 минутқа немесе 12%-ға артық. Ірі қалаларда орташа көрсеткіш – 177 минут.

Сонымен қатар шағын қалалар мен ауылдық жерлерде отандық телеканалдардың орташа тәуліктік рейтингі ірі қалалармен салыстырғанда 40%-ға жоғары. Бұл фактор ел бойынша теледидар аудиториясының жалпы өсіміне тікелей әсер еткен. Айта кету керек, телеканал рейтингі – белгілі бір уақыт аралығында арнаны көрген көрермендер үлесін көрсететін статистикалық көрсеткіш.

Осындай үрдіс орташа тәуліктік қамту көрсеткішінде де байқалады. Шағын қалалар мен ауылдарда тұрғындардың 44%-ы теледидарды күн сайын көреді, ал ірі қалаларда бұл көрсеткіш 35%-ды құрайды. Жалпы ел бойынша орташа тәуліктік қамту 40%-ға жетіп, тек ірі қалалар деректерімен есептелген көрсеткіштен 13%-ға жоғары болып отыр.

Зерттеу өңірлердің жас аудиторияны қалыптастырудағы рөлін де айқындады. Шағын қалалар мен ауылдарда 18-24 жас аралығындағы жастар теледидарды анағұрлым белсенді қарайды: олардың үлесі 27%, ал ірі қалаларда бұл көрсеткіш 19%. Керісінше, ірі қалаларда теледидар аудиториясының ең белсенді бөлігі 45 жастан асқан көрермендер. Бұдан бөлек, өңірлерде телесмотрениенің негізгі бөлігін қазақ тілін таңдаған көрермендер қамтамасыз етіп отыр – 82%, ал ірі қалаларда бұл көрсеткіш 59%.

1

«Алынған деректер өңірлердің бүгінде медиатұтынуда жаңа трендтер қалыптастырып, теленарықтың өсу драйверіне айналып отырғанын көрсетеді. Бұл жас, тұрақты әрі теледидар контентіне белсенді аудитория. Бүгінде телеканалдар арасындағы бәсеке дәл осы жаңа аудиторияның қалыптасып жатқан аймақтарына қарай ойысып жатыр», деп пікір білдірді НМА байқау кеңесінің төрағасы Кемелбек Ойшыбаев.

Зерттеу географиясының кеңеюі бүкіл медиаиндустрия үшін маңызды қадам болды. Бұл телерадиоарналардың тиімділігін ұлттық деңгейде объективті бағалауға, елдің барлық өңірлеріндегі тұрғындардың нақты медиақалыптарын ескеруге және әртүрлі аудитория топтарының қызығушылықтарына сай, неғұрлым жекелендірілген контент қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар