Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025

Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматыға шұғыл қонды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мюнхен – Бейжің бағытындағы Lufthansa авиакомпаниясының рейсінде жолаушы көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты әуе кемесі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматыға шұғыл қонды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға LH 0722 рейсінде болған. Ұшу кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезініп, есінен танып қалған.

«Әуе кемесінің экипажы Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қону туралы шешім қабылдады. Ұшаққа жедел түрде әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы жіберілді», делінген хабарламада. 

Алайда медицина қызметкерлері келген бойда жолаушының ұшу кезінде қайтыс болғанын анықтады. Барлық қажетті рәсімдер аяқталған соң, ұшаққа Алматыда жанармай құйылып, сапарын жалғастырды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 07:56-да борт Бейжіңге ұшып кетті.

Желіде тараған мәлеметтерге сүйенсек, 30 жастағы ер адам қайтыс болған. 

Гуанчжоу – Алматы бағытындағы рейсте жолаушы қайтыс болды

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі. Қайтыс болған адам – шетел азаматы. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар