Astanovka98 Telegram-арнасында Астанадағы «Дипломат» тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан мейрамханадан шыққан өрттің видеосы жарияланды.
Әлеуметтік желілерде тараған кадрларға қарағанда, ірі тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан мейрамхана өртенген. Куәгерлердің айтуынша, қалың қара түтін бүкіл тұрғын үй кешенінің айналасын басып қалған.
Кейінірек оқиғаға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
«Қазіргі уақытта ТЖМ өрт сөндірушілері Астана қаласы Дінмұхамед Қонаев көшесінде орналасқан мейрамхананың шатырындағы өртті сөндіріп жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар күшейтілген шақырту деңгейі бойынша жұмыс істеп жатыр. 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», делінген хабарламада.
Кейінірек ТЖМ қызметкерлері Дінмұхамед Қонаев көшесі бойындағы мейрамханалардың бірінде үйдің сыртқы қаптамасы мен желдеткіш жүйесінің жылытқышы өртенгенін айтты. Зардап шеккендер жоқ.