Сайлау • Кеше

Көкпекті ауданының әкімі сайланды

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Сайлау туралы» заңға сәйкес 2025 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Нұрбек Қошқарбаев Көкпекті ауданының әкімі болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.

Көкпекті ауданының әкімі сайланды

21 желтоқсанда Көкпекті ауданында өткен аудан әкімін сайлау қорытындысында Нұрбек Қошқарбаев 70,8 дауыс жинап, жеңіске жетті.

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін оны аудан активіне таныстырды.

Биылдан бастап «Сайлау туралы» заңға сәйкес облыстық маңызы бар қала, аудан әкімдерін халық өзі, тікелей дауыс беру арқылы сайлай алады. 2023 жылы пилоттық режимде өңірімізде Курчатов қаласы мен Абай ауданының әкімі, биыл 27 шілдеде облысымызда алғашқылардың бірі болып Жаңасемей ауданының әкімі тікелей дауыс беру арқылы сайланған болатын. 12 қазанда Семей қаласының әкімі сайланды. Бұл – еліміздің тарихында алғаш рет өткен облыс орталығы әкімінің сайлауы.

Жиын барысында Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерасыл Оразханов Нұрбек Қошқарбаевқа әкім куәлігін тапсырды.

«Нұрбек Тұрсынқанұлы – мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол, білікті басшы. Осы ауданның тумасы. Көкпекті – халқы еңбекқор, ауыл шаруашылығы саласында әлеуеті зор аудан. Өзінің ерекшеліктері мен қордаланып қалған мәселелері де жетерлік. Халқымызда «Туған жерге туыңды тік» деген жақсы сөз бар. Өз туған жеріңе қызмет ету – үлкен сенім, зор жауапкершілік. Сондықтан Нұрбек Тұрсынқанұлы Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымының жақсаруы мен көркеюіне барлық күш-жігеріңізді саласыз деп сенемін», деді облыс әкімі.

Нұрбек Тұрсынқанұлы Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Семей қаласындағы №33 орта мектептің бастауыш сыныптарындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары Семей қаласының білім бөлімінде, Семей қаласы әкімінің аппаратында бас маман, бас инспектор, бөлім басшысы, Курчатов қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2024 жылдың 23 желтоқсанынан бастап осы уақытқа дейін Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Кеше