Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025

Қожаның рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев дүниеден озды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист әрі кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаевтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қожаның рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев дүниеден озды

Министрліктің хабарлауынша, Нұрлан Санжарұлы қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға болды. Ол бүкіл ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа тағылымы мол, құнды мұра қалдырды.

Өнер иесі қалың көрерменге режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлі арқылы кеңінен танылды. Бұл туындыдағы бейнесі арқылы Нұрлан Сегізбаев қазақ кино өнеріндегі дара тұлғалардың біріне айналып, отандық кино тарихында айрықша із қалдырды. Оның экранда сомдаған көркем образдары бірнеше буын көрерменнің жадында сақталып, ұлттық өнердің алтын қорынан лайықты орын алды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Атырауда базар өртенді

Оқиға • Бүгін, 09:30