Әдебиет • 12 Желтоқсан, 2025

Әдеби байқаудың жеңімпаздары анықталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы әкімдігі ұйымдастырған ІІ «Асқақ рухты Әулиеата» республикалық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әдеби байқаудың жеңімпаздары анықталды

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде ақындар ашық микрофон алдынды отты жырларын оқып, әдебиетсүйер қауымның қошеметіне бөленді. Байқау қорытындысына сәйкес Жамбыл Жабаев атындағы жүлде ақын Олжас Қасымға бұйырды.

Бұдан өзге де бірнеше аталым бойынша үздіктер марапатталды. Нақтырақ айтсақ, жазушы Бейбіт Сарыбай «Проза» номинациясы бойынша Б. Момышұлы атындағы, ақын, драматург Маржан Ершу «Драматургия» номинациясы бойынша Ә. Қалдыбаев атындағы, ақын Наурызбек Саршаев «Әдеби сын» номинациясы бойынша Н. Дәутайұлы атындағы, ақын, сатирик Нұржан Әліш «Сатира» номинациясы бойынша Ш. Смаханұлы атындағы, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібаев  «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша С. Әлімқұлов атындағы, ақын Арайлым Мұраталиева «Көркем аударма» номинациясы бойынша Ш. Мұртаза атындағы жүлдеге ие болды. Сонымен бірге К. Ахметова атындағы арнайы жүлдені атыраулық ақын Әлия Дәулетбаева еншіледі. Барлық жеңімпаздарға диплом мен қаржылай сертификат (1 млн. теңге) берілді.

 

Тараз

Соңғы жаңалықтар