Ашық дереккөз
2024 жылдан бері Армения намысын қорғап жүрген спортшыға азаматтығын ауыстыруына байланысты қаржылық талап қойылды.
РТФ ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, 9 желтоқсанда ҰСАО Ресей теннис федерациясы мен Элина Аванесян арасындағы спорттық дайындық туралы келісімшарттың орындалмауына байланысты келтірілген шығындарды өтеу жөніндегі істі қараған.
Шешімге сай, 23 жастағы теннисші РТФ-ға келтірілген залалды өтеуге міндеттелді. Өтелетін сома Ұлттық спорттық төрелік соты тарапынан айқындалады. Сонымен қатар спортшы турнирлердегі нәтижелерінен түскен табыстан өтемақы төлеуі және өзге де шығындарды өтеуі тиіс.
Айта кетейік, Элина Аванесян WTA сериясындағы бір турнирдің финалисі атанған. Оның әлемдік рейтингтегі ең жоғары көрсеткіші – биыл наурыз айында тіркелген 36-орын.