Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрттің таралуына жол бермей, 500 шаршы метр алаңдағы өртті жедел сөндірген.
Қызыл жалынды ауыздықтау кезінде жедел штаб құрылып, 4 жауынгерлік учаске ұйымдастырылған.
Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
2025 жылы ел аумағында қандай алапат өрт оқиғалары тіркелді?
Айта кетейік, 26 желтоқсан күні Астанадағы «Дипломат» тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан мейрамханадан да өрт шыққан еді.