Ауа райы • Кеше

Бүгін бірқатар облыста қар жауып, боран соғады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің болжауынша 29 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін бірқатар облыста қар жауып, боран соғады

Фото: ашық дереккөз

Түнде солтүстік-батыста қатты қар жауады, ал батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар) түседі.

Тек еліміздің солтүстік-шығысы мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ел бойынша тұман түсіп, көктайғақ, қатты жел күтіледі.

Астанада алдағы үш күнде күн бұлтты болып, қар жауады:

29 желтоқсан күні Астанада күн бұлтты болады. Орташа температура -6 градус. Күндіз ауа температурасы -3 градусқа дейін көтерілсе, түнде -14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 5,9 метр.

30 желтоқсанда жаңбыр мен қар жауады деп болжанды. Ауа температурасы шамамен 1 градус болады. Ең жоғары температура − 2 градус, ең төмені − 11 градус. Желдің жылдамдығы секундына 9,6 метрге дейін жетеді.

31 желтоқсанда Астанада қар жауады. Орташа температура -8 градус. Күндіз ауа температурасы -2 градусқа дейін көтеріліп, түнде  -12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына − 7,5 метр. 

Соңғы жаңалықтар

Енді жолдарға тұз себілмейді

Инфрақұрылым • Кеше