Қаржы • 29 Желтоқсан, 2025

Елдегі кәсіпкерлер салыққа бола шетелге көшіп жатыр ма? Қаржы министрі жауап берді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Мәди Тәкиев жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты Қазақстан кәсіпкерлерінің өзге елдерге жаппай қоныс аударып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдегі кәсіпкерлер салыққа бола шетелге көшіп жатыр ма? Қаржы министрі жауап берді

Фото: istockphoto.com

Министрдің айтуынша, кәсіпкерлердің елден кетіп жатқаны туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды және бұл ойдан шығарылған дәйектер. Мәжіліс кулуарында берген сұхбатында ол кәсіпкерлер үшін шетелге көшудің ешқандай экономикалық тиімділігі жоқ екенін атап өтті.

«Мұндай көші-қон жоқ. Бұл айтылып жатқандардың бәрі – ойдан шығарылған уәж деп ойлаймын. Көрші елдерде салық аз деген ақпарат та шындық емес. Ол жақта да біздегідей табалдырықтар, айналымдар мен бизнес талаптары бар», деді М.Тәкиев.

Сондай-ақ Қаржы министрі кәсіпкерлердің негізгі өмірлік мүдделері Қазақстанда болғандықтан, өзге елге барған жағдайда оларға қосымша салықтық міндеттемелер жүктелетінін ескертті.

«Сондықтан бизнеске басқа елге көшу тиімсіз деп есептеймін», деп түйіндеді министр.

Салық берешегінің шекті сомасы: Мәди Такиев бизнеске жеңілдік жасаудың себебін түсіндірді

Соңғы жаңалықтар