Футбол • Бүгін, 11:42

Криштиану Роналду 1000 гол межесіне жете ала ма?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктерінде Globe Soccer Awards сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шарада Аль-Наср және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2025 жылдың «Таяу Шығыс елдеріндегі үздік ойыншысы» атанды, деп жазады Egemen.kz.

Криштиану Роналду 1000 гол межесіне жете ала ма?

Фото: zamin.uz

Ол осымен үшінші рет Globe Soccer Awards нұсқасында «Таяу Шығыс елдеріндегі үздік ойыншы» болып отыр. Танымал футболшы марапаттау рәсімінде өз мансабындағы негізгі мақсатын атап өтті.

«Жылдар бойы жоғары деңгейде футбол ойнау оңай емес. Десе де әлі де жасыл алаңда жүргім келеді. Гол соғып, жүлде жеңіп алуды жалғастырамын. Мен осы жолмен жүруді тоқтатпаймын», деді Криштиану Роналду.

Сондай-ақ ол 1000 голдық межені бағындыруды көздеп жүргенін айтып, міндетті түрде символдық сан көрсеткішін еңсеретінін айтты. Бұл жолда оны отбасы, жанкүйерлері алға жетелейтінін де тілге тиек етті. 

Айта кетейік, қазір Роналдудың атына 956 гол жазылған. 

Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду Сауд Арабиясында кездесті

Соңғы жаңалықтар