Білім • Кеше

Биыл Президент тапсырмасымен 141 мектеп ашылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы мектептердің инфрақұрылымын жаңарту және орын тапшылығын жою жұмыстары шешуші кезеңге өтті. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі М. Мелдебекова Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша атқарылған ауқымды істерді баяндап, биыл 141 жаңа білім ордасының есігін айқара ашқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Биыл Президент тапсырмасымен 141 мектеп ашылды

Фото: istockphoto.com

Вице-министрдің айтуынша, еліміздегі апаттық жағдайды және оқушы санының шектен тыс көптігін реттеу үшін «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында тың жұмыстар атқарылып жатыр. 
«Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы табысты жүзеге асырылды. Оның аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 460,4 мың орындық 217 жаңа форматты мектеп салынып жатыр. Бұл жоба арқылы 69 үшауысымды, 22 апаттық мектеп және 100-ден астам мектепте орын тапшылығы мәселесі шешімін тапты. Жалпы 2025 жылы 214 мың оқушы орнына арналған 141 мектептің құрылысы аяқталды», деді М. Мелдебекова.
Бұл бастама тек ғимараттар салумен шектелмей, балалар үшін қауіпсіз әрі заманауи жабдықталған «жайлы оқу ортасын» құруды көздейді. 
Соңғы жаңалықтар

Енді жолдарға тұз себілмейді

Инфрақұрылым • Кеше