Фото: istockphoto.com
Үкімет басшысының мәліметінше, 2026 жылы қолданысқа берілетін жаңа вагондар келесі маршруттар бойынша бөлінеді:
- Астана – Шымкент (№85/86) – екі құрам;
- Астана – Атырау (№47/48) – екі құрам;
- Астана – Жезқазған (№65/66) – бір құрам.
Сонымен қатар 2026 жылдың сәуір айынан бастап «Қарағанды – Жезқазған» пойызының бағытын Ақтау қаласына дейін ұзарту жоспарланған. Вагондарды жаңарту кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Атап айтсақ, 2026 жылы барлығы 191 вагон, 2027 жылы – 104, 2028 жылы – 105, 2029 жылы – 104 және 2030 жылы 102 вагон пайдалануға беріледі.
Теміржолдан бөлек, әуе қатынасын дамытуға да басымдық берілмек. 2026 – 2028 жылдар аралығында Ақтау қаласынан Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Орал, Петропавл және Тараз қалаларына қатынайтын әуемаршруттарды қолдау үшін қосымша қаржы бөлу көзделген.