Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025

Балабақшаларда кезек 2 есе азайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент тапсырмасы бойынша балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру ауқымы кеңейтілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балабақшаларда кезек 2 есе азайды

Фото: Pexels.com

«Ақша балаға беріледі» қағидаты негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда орындар бөлудің жаңа механизмі енгізілгені мәлім. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес пилоттық жоба 20 қала, 16 ауданда жүзеге асырылып жатыр.

«Биыл «Ақша балаға беріледі» қағидаты негізінде ваучерлік қаржыландыру механизмін өңірлерде кеңінен тарату арқылы балабақшаларға кезек саны 2 есеге дейін азайды. Пилоттық жобаға 5,6 мың мектепке дейінгі ұйым қатысып, 788 мың балаға ваучер берілді. Ваучерлік қаржыландыру 21,8 миллиард теңге бюджет қаражатын үнемдеп, ол балаларға жаңа ваучерлер беруге қайта жұмсалды», деді М.Мелдебекова.

Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:03

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:55

Қазақ үнінің қазынасы

Мультимедиа • Бүгін, 08:53

Құқықтық сауат – уақыт талабы

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:45

Донорға тәуелді өмір

Денсаулық • Бүгін, 08:43

Жас талаптың жобасы

Жоба • Бүгін, 08:38