АСТАНА. 23 наурыз. БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өрт шықты. Тілсіз жау Бас Ассамблея ғимаратының астыңғы қабатында болған. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
БҰҰ кешені Нью-Йорктің Манхэттен ауданында орналасқаны белгілі. Өрт дабылы жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00 шамасында (Астана уақытымен бүгін таңғы 05:00-де) қосылған. Сол сәтте Бірінші авенюдің бойын өрт сөндіруші және жедел жәрдем көліктері басып алды. Десек те, көше біржола жабылған жоқ.
Бір сағаттың ішінде жағдай қалыпқа келіп, аяқ астынан болған апат ауыздықталды. Ол үшін БҰҰ-ның өртке қарсы қызметі мен Нью-Йорк қаласының өрт басқармасына айтарлықтай тер төгуге тура келді.
БҰҰ баспасөз қызметінің өкілі Ваннина Маэстраччидің айтуынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Сондай-ақ, ол өрт сөндіру кезінде іштегі адамдардың тысқа шығарылғанын айтты.
Айта кетейік, БҰҰ-да жексенбі ресми түрде демалыс күні болып саналады. Десек те, өрт болған күні бірнеше сағат бұрын Қауіпсіздік Кеңесінің Йемендегі жағдайға байланысты шұғыл отырысы болған еді.
Өрт салдарынан ғимаратқа белгілі бір деңгейде зақым келіп, Ұйым шығынға ұшыраған. Өйткені, өрт шыққан орында кәдесыйлар сататын дүкен орналасқан болатын. Дегенмен, бүгін ғимарат әдеттегідей жұмыс күнін бастады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ТАСС
Сурет: ntv.ru.

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32
Ана мәртебесі: Тәрбие бесігінен кәсіпкерлік шыңына дейін
Қоғам • Бүгін, 12:18
Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13