Спорт • 27 Желтоқсан, 2025

Үздік спортшылар марапатталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында өткен салтанатты жиында спорт саласы бойынша жыл үздіктері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үздік спортшылар марапатталды

«Жыл үздігі - 2025» атағының иегерлерін өңір басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы марапаттап, спорт саласында толайым табысқа қол жеткізген сайыпқырандарға құрмет көрсетті.

Өңір басшысы құттықтау сөзінде мемлекет қолдауының арқасында спорт инфрақұрылымын дамытуға, балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға, сондай-ақ ұлттық, олимпиадалық, паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлерін өркендетуге ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.

Бүгінде Жамбыл облысында 2465 спорт нысаны жұмыс істейді, оның 112-сі биыл пайдалануға берілді. 2025 жылы өңір спортшылары республикалық және халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда 1 856 медаль жеңіп алды.

«Жыл үздігі – 2025» атағы аясында 26 номинация бойынша 30 адамға дипломдар мен қаржылай сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар спортты дамытуға сүбелі үлес қосқан бірқатар азамат өңір басшысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасымен және Алғысхатымен марапатталды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыға кіру ақылы бола ма?

Аймақтар • Бүгін, 11:34