Әлем • 01 Қаңтар, 2026

«Мерт болған адамдар бар»: АҚШ Кариб теңізінде 2 кемеге соққы берді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 желтоқсанда АҚШ әскерилері Кариб теңізінде 2 кеме нысанын соққыға ұшыратты. Қаза тапқандар саны – 5 адам. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік командасы әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мерт болған адамдар бар»: АҚШ Кариб теңізінде 2 кемеге соққы берді

Фото: x.com/Southcom

«Операциялар барысында барлығы бес «наркотеррорист» өлтірілді: бірінші кемеде – үш, екінші кемеде – екі адам», делінген хабарламада.

Басылымда кемелерді басқарып отырғандардың террористік ұйымдардың мүшелері екені айтылады. АҚШ соңғы бірнеше айда есірткі тасымалдаумен байланысы бар деп танылған катерлерді залалсыздандыру үшін әскер қолданғанын хабарлады. Вашингтон мұндай әрекеттерді трансұлттық қылмыстық және есірткі саудасына қарсы бағытталған операция деп сипаттайды.

Аталған оқиғалар – АҚШ пен Венесуэла арасындағы қарым-қатынасты күрт шиеленістірді. Вашингтон орталық барлау агенттігіне (ЦРУ) елдегі үкіметке қарсы жасырын операциялар жүргізуге рұқсат берген. Сонымен қатар, АҚШ Бас прокуроры Пэм Бонди Венесуэла президенті Николас Мадуроға қатысты ақпарат үшін 50 миллион доллар сыйақы жариялаған. АҚШ-тағы ресми мәліметтер бойынша, венесуэлалық лидер террористік ұйымдарды АҚШ-қа есірткі жеткізу үшін пайдаланады деген айып тағылып отыр.

Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады.

 

Соңғы жаңалықтар