Фото: gov.kz
Айыппұл
Бұзушылықтар үшін 30-дан 2000 АЕК-ке дейін (130 мыңнан 8,6 миллион теңгеге дейін) айыппұл салу көзделген.
«Бұдан басқа, құзыретті министрлік жеке және заңды тұлғалардың дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өтініштерін, ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізуге уәкілетті» деп жазылған жауапта.
Биометриялық сәйкестендіру
Ол сондай-ақ Қазақстанда биометрия және бетбейне арқылы тану жүйелерін ретке келтіру жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл Сандық кодекс жобасында қарастырылған.
Құжатқа сәйкес биометриялық сәйкестендіру тек Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесі арқылы жүргізіледі. Ол үшін жеке ережелер әзірленеді, онда биометрикалық деректер қалай жиналатыны, сақталатыны және жойылатыны жазылады.
Дербес деректер елде орналасқан серверлерде сақталуы тиіс
Жасұлан Мәдиев автокөліктер арқылы дербес деректердің таралып кету қаупіне түсініктеме бере отырып, азаматтардың деректерін үшінші тұлғаларға немесе шетелге беру тек иесінің келісімімен ғана мүмкін болатынын түсіндірді.
Заң бойынша дербес деректер елде орналасқан серверлерде сақталуы тиіс. Деректерді елден тыс жерлерде беруге және сақтауға адамның келісімі болғанда және осындай деректер базасы Қазақстан аумағында да болған жағдайда ғана жол беріледі.
«Бүгінгі күні дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау мақсатында деректерді жасыру және хэштеу, сондай-ақ дербес деректері бар базалардан жаппай қолдануға заңнамалық тыйым салуды енгізу туралы мәселе пысықталуда, бұл азаматтардың деректерін үшінші тұлғаларға және шетелге беру мүмкіндігін болдырмауға ықпал етеді», деді Ж.Мәдиев.