Хабарлама 112 нөміріне түскен. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары мен сүңгуірлер жеткен. Төрт жасөспірім су айдынының маңында ойнап жүріп, жұқа мұздың үстіне шыққан. Мұз шыдамай сынып, төртеуі де суық суға құлаған.
Жақын маңда балық аулап жүрген азамат көмекке ұмтылып, үш баланы судан алып шыққан. Алайда төртінші жасөспірімді құтқара алмаған. Оның мәйітін кейін сүңгуірлер су түбінен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
ТЖМ өкілдері ата-аналар мен балаларды сақ болуға шақырып, жұқа мұздың үстіне шықпауға, балаларды су маңында қараусыз қалдырмауға және су айдындары жанында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға үндеді.