Әлем • 03 Қаңтар, 2026

АҚШ Венесуэланың астанасы Каракасқа әуе соққыларын жасады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ әскери күштері Венесуэланың астанасы Каракас қаласына әуе соққыларын жасады. Қалада бірнеше жарылыс дыбысы естіліп, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іске қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Венесуэланың астанасы Каракасқа әуе соққыларын жасады

фото: ашық дереккөз

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соққылар Каракастың оңтүстігіндегі Форт-Тиуна ауданына және Франсиско де Миранда авиабазасына бағытталған. Сондай-ақ елдің солтүстігінде орналасқан Ла-Гуайра әскери-теңіз базасы да шабуыл нысанасына іліккені хабарланды.

Куәгерлер аспанда америкалық десанттық тікұшақтардың ұшқанын байқаған. Бұған жауап ретінде Венесуэла Әуе күштері Су-30МКВ жойғыш ұшақтарын әуеге көтеріп, тосқауыл қоюға кіріскен. Сонымен қатар ауыр жүк тасымалдайтын Chinook тікұшақтарының да пайдаланылғаны туралы ақпарат тарады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары астанада атыс дыбыстары естіліп жатқанын хабарлап, алдын ала мәлімет бойынша америкалық десант түсірілуі мүмкін екенін жазуда.

АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан арнайы әскери операцияның басталғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Венесуэла мен АҚШ-тың ресми билік өкілдері де әзірге түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар