Оқиға • 05 Қаңтар, 2026

Бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Ол Ресейде 2025 жылы 25 тамызда ұсталған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды

Фото: canva

Күдікті 2024-2025 жылдары Таразда өзін коммерциялық ұйымның қызметкерімін деп таныстырып, қаражатты инвестициялау арқылы жоғары табысқа уәде беріп, азаматтарды әртүрлі тауарларды көтерме сатып алу және кейіннен сату бойынша бірлескен кәсіппен айналысуға шақырған.

Алайда ол өз міндеттемелерін орындамай, алған ақшасын жымқырып, қажеттілігіне жұмсаған.

«Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден астам залал келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған», делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар