Агенттік азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми дереккөздерге жүгінуге және әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге шақырды. Сонымен қатар заңнамада жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделгені еске салынды.
Агенттіктің мәліметінше, қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай заңды тетігі қолданыста.
Зейнетақы қаржысын алу үшін дәрігерлер жалған қорытындылар жасаған
Қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда қарыз алушы міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен өз кредиторына (банк, МҚҰ немесе коллекторлық агенттік) жүгінуге құқылы. Өтінішке қаржылық жағдайдың нашарлағанын немесе төлемнің кешіктірілу себептерін растайтын құжаттар қоса берілуі тиіс. Қажетті құжаттардың толық тізбесі Агенттіктің ресми сайтында жарияланған.
Өтініш кредитордың мекенжайы бойынша жеке, сондай-ақ шартта көзделсе, мобильді қосымша немесе электрондық пошта арқылы жолданады. Кредитор жолданымды 15 күнтізбелік күн ішінде қарап, шешім қабылдауға міндетті.
Егер кредитордың қабылдаған шешімі қарыз алушыны қанағаттандырмаса, ол банк немесе микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы. Банктер бойынша өтініштер bank-ombudsman.kz, ал МҚҰ қарыздары бойынша mfombudsman.kz сайты арқылы қабылданады. Омбудсмандардың қызметі тегін, ал олардың шешімдері орындалуға міндетті.
Сонымен қатар агенттік жеке тұлғалардың банкроттығы рәсіміне де тоқталды. Егер қарыз алушының борышты өтеуге мүмкіндігі болмаса, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңға сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға болады.
Ақтау тұрғыны әлеуметтік желіде ет сататын жалған парақша ашып, пайда тапқан
Бұл рәсім мынадай шарттар сақталған жағдайда берешекті есептен шығаруға мүмкіндік береді:
– Борыш сомасы 1600 АЕК-тен аспауы;
– Сатуға болатын мүліктің болмауы (бірлескен меншіктегі үлесті қоса алғанда);
– 12 ай қатарынан төлемдердің болмауы;
– Соңғы 7 жылда банкроттық рәсімінен өтпеуі;
– Қарызды қайта құрылымдау жүргізілуі.
Мүлкі немесе міндеттемелері 1600 АЕК-тен асатын азаматтар төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану үшін сотқа жүгінуге құқылы.
Банкроттық рәсімі eGov.kz порталы немесе ХҚКО арқылы тегін жүргізіледі. Алайда оның салдары бар. Атап айтқанда, рәсім аяқталғаннан кейін 5 жыл ішінде жаңа кредиттер мен микрокредиттер алуға тыйым салынады, 3 жыл бойы қаржылық жағдайға мониторинг жүргізіледі, ал қайта банкроттық тек 7 жылдан кейін мүмкін болады.
Агенттік берешекті реттеу немесе банкроттық рәсімін бастамас бұрын оның барлық құқықтық және қаржылық салдарын мұқият бағалау қажет екенін атап өтті.
Айта кетейік, Ақтөбеде жалған құжат жасаумен айналысқан әйел ұсталды.