Фото: qazdauiri.kz
2025 жылы «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26923 болып тіркелген) өзгеріс енгізілген.
Құжатта «2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 970 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін» делінген.