Білім • 05 Қаңтар, 2026

Маңғыстауда олимпиада жеңімпаздары мен үздік спортшылар марапатталды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен ауыл мектептерінің оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен спорт саласында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда олимпиада жеңімпаздары мен үздік спортшылар марапатталды

Салтанатты іс-шарада өңір басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында спортты, әсіресе балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өткенін еске салды. Осы стратегиялық міндетке сәйкес, Маңғыстау облысында бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру және жастардың тұрақты түрде спортпен шұғылдануына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.

Облыс әкімінің айтуынша, соңғы екі жылда дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында 10 қосымша мемлекеттік мекеме ашылған. Тек 2025 жылдың өзінде 6 спорт нысаны пайдалануға берілген. Сонымен қатар ол дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің және спортты дамыту дирекциясының ашылуы өңір спортшыларына болашақта халықаралық ареналарда, соның ішінде Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Іс-шара барысында білім саласындағы жетістіктер де ерекше атап өтілді. Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының оқушылары жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Үздік олимпиадалық команда» номинациясында Гран-при иеленіп, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Үздік олимпиадалық команда» номинациясында І орынға ие болды.

Өңір басшысы жеңімпаздарды, олардың ата-аналары мен жетекші ұстаздарын құттықтап, ауыл мектептеріндегі дарынды балаларды қолдау алдағы уақытта да аймақ үшін басым бағыт болып қала беретінін атап өтті.

– Бұл жай ғана марапат емес. Бұл табандылықтың, үздіксіз еңбектің және білімге деген шынайы құштарлықтың нәтижесі. Ауыл мектебінде оқып, республикалық деңгейде өз біліміңді дәлелдеу – үлкен жетістік әрі мақтаныш. Алда сіздерді үлкен жол күтіп тұр. Бүгінгі жеңіс – сол жолдағы алғашқы маңызды қадамдардың бірі. Білімге деген сүйіспеншіліктеріңіз ешқашан сөнбесін, ал мақсаттарыңыз биік болсын. Ел мен өңірдің абыройын асқақтататын тұлғалар болып өсулеріңізге тілектеспін. Маңғыстау облысында дарынды балаларды қолдау – басты басымдықтардың бірі. Алдағы уақытта да ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттырып, талантты оқушыларды қолдауды және олардың республикалық әрі халықаралық деңгейде жетістікке жетуіне барлық жағдайды жасауды жалғастырамыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Іс-шара соңында спортшылар мен олимпиада жеңімпаздарына марапаттар мен ақшалай сыйақылар табысталды. Сондай-ақ жеңімпаздардың ата-аналары мен жетекші ұстаздары да марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20