«Қайсар» ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, Марат Есмұратов көптеген жылдар бойы өз командаластары үшін үлкен беделге ие болып келді. Ол 1998-99 жылдарғы маусымда Қызылорда ұжымы қатарында Қазақстан Кубогын жеңіп алған алғашқы капитан болды. Марат Жалғасұлы өзінің мансабын 1979 жылы "Мелиоратор" (Шымкент) клубы сапынан бастаған.
Содан кейін ол «Қайрат», «Ақтөбе» және «Ордабасы-СКИФ» сапында да өнер көрсетті. Осылайша ол өзінің кәсіби мансабын 2001 жылы «Қайсардың» құрамында болған кезде аяқтады.
«1992 жылы 1 маусымда Алматыда Қазақстан құрамасы Түркіменстан құрамасына қарсы алғашқы матч өткізді. Осы тарихи кездесуге Марат Есмұратов та қатысты. Ол біздің құрамада барлығы жеті ойын ойнады. Кейін ол бепкерлік қызметпен айналысты», делінген хабарламада.