Фото: ABC News
Ерлі-зайыптылар алдымен Нью-Йорк түрмесінен сот ғимараты жанындағы ауданға тікұшақпен тасымалданды. Содан кейін олар брондалған көлікпен сот ғимаратына жеткізілді.
CNN арнасының хабарлауынша, Мадуро Нью-Йорктегі федералды сот алдында есірткі және қару-жарақ сақтау айыптаулары бойынша жауап беруі тиіс. Соттың алғашқы тыңдауы Астана уақыты бойынша сағат 22:00–де басталады.
Атышулы істі жүргізу 1998 жылы Билл Клинтон ұсынған және бекіткен 92 жастағы федералды судья Элвин К. Хеллерштейнге тапсырылды.
Нью-Йорктің Оңтүстік округінің аға судьясы Хеллерштейн 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдарға қатысты істерді, сондай-ақ лаңкестік және ұлттық қауіпсіздікке қатысты басқа да мәселелер қаралған істерге төрағалық етті.