Әлем • 07 Қаңтар, 2026

Дүниежүзілік жылқы күні: 56 елден келетін 10 мың салт атты Моңғолияда бас қосады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 3 маусымда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясында Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсух бастамашы болған «Дүниежүзілік жылқы күні туралы» резолюция талқыланып, мақұлданды деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзілік жылқы күні: 56 елден келетін 10 мың салт атты Моңғолияда бас қосады

Фото: montsame.mn

2026 жылы Дүниежүзілік жылқы күніне арналған іс-шараларды ұйымдастырушы ел ретінде Моңғолия алғаш рет 56 елден келген 10 мың салт аттыны өз аумағында қабылдайды.

Іс-шаралар аясында жылқыларға қатысты көптеген бағдарлама әзірленіп жатыр.

Атап айтқанда, алдын ала бес негізгі бағыт айқындалды: ойын-сауық бағдарламалары, иппотерапия, жылқы күтімі, атқа міну мәдениеті және 21 аймақтан шыққан дәстүр мұрагерлері.

2013 жылы Моңғолия Гиннестің рекордтар кітабына ену мақсатында 3 мың бәйге аты қатысқан жарыс пен ұлттық киім, ер-тұрман және жүген таққан 10 мың салт аттының шеруін ұйымдастырған болатын.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бағалауынша, 2023 жылы әлемде 60,8 миллион жылқы тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар