Оқиға • Кеше

Алматы облысында қар барысының ізі анықталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық паркінің инспекторлары Шелек өзені маңында қар барысының ізін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында қар барысының ізі анықталды

Фото: Көлсай көлдері ұлттық саябағы

Аталған парктің Таушелек орманшылығы аумағында, Шелек өзені бойында мемлекеттік инспекторлар Омар Әміриев пен Дүйсен Келдәулет кезекті рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануардың ізін, сондай-ақ таутекелер мен бұғы-маралдарды ұялы телефонға түсіріп алған. 

«Мұндай кадрлар ұлттық парктің табиғи байлығы сақталып, жануарлар әлемінің тұрақты мекендеп жатқанын көрсетеді. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз», делінген бейнежазба мәлімдемесінде. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында қар барысы фототұзаққа ілінгенін хабарлаған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар