Фото: aikyn.kz
«Шымкент мұнай өңдеу зауыты аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасының жолы кесілді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдейміз. Бұл аумақтан мұнай өнімдерін айдау қатаң нұсқаулыққа сәйкес, қабылдау-тапсыру актілерін міндетті түрде рәсімдеу арқылы жүзеге асырылады. Барлық процестер автоматтандырылған және бақылаушы органдар үшін ашық», делінген хабарламада.
Мұнай өнімдерін жөнелту теміржол көлігімен және «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ-на құбыр арқылы тек өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстанның мұнай тұтыну көрсеткіші 30 жылда қалай өзгерді?
Шымкент мұнай өңдеу зауыты қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Еске салайық, бұған дейін, полиция Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының бірінен отын ұрлау схемасын әшкерелегені, отынды сақтау және айдау жабдықтары тәркіленгені, оған Шымкент мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны туралы ақпарат тараған.
ІІМ: Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді
2025 жылдың басында мұнай өнімдерін ұрлаған қылмыстық топтың ұсталғаны туралы айтылған.