Заң • Кеше

Жәбірленушілерге 300 млн теңге қайтарылды: «HAS» пирамидасының құрбандары кімдер?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.

Жәбірленушілерге 300 млн теңге қайтарылды: «HAS» пирамидасының құрбандары кімдер?

Фото: ҚМА

Бұған дейін сот қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларды 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.

Жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында салымшылардың қаражатына сатып алынған жалпы құны 1,2 млрд теңгеден асатын мүлік соттың шешімімен өндіріп алуға жолданды.

Өндіріп алынған активтердің қатарында 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, тұрғын үй санатына жатпайтын үй-жай және банк шоттарындағы ақшалай қаражат бар.

Атырау облысында 9 айда 8 қаржылық пирамида дерегі анықталды

Сот орындаушылары жәбірленушілерге 300 млн теңге көлемінде төлемдерді өндіріп берді.

Агенттік хабарлауынша, қазір 125-тен астам жәбірленушіден жалпы сомасы 821 млн теңгеден асатын залал сомасына арыз түскен. Сонымен қатар, салымшылардың қаражаты есебінен ұйымдастырушы елорда аумағында орналасқан, құны 525 млн теңге болатын жер учаскелерімен бірге «A.D.A.M. group» ЖШС-ін сатып алғаны анықталды. Аталған мүлік оны жасыру мақсатында ұйымдастырушының танысының атына рәсімделген.

Ұлытау облысында қаржылық пирамиданы ұйымдастырушы сотталды

Соттың санкциясымен көрсетілген мүлікке тыйым салынды.

Осы жылдың 6 қаңтарында күдіктілердің әрекеттері қайта сараланып, оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, қаржылық пирамиданы ұйымдастыру және жарнамалау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру баптары бойынша айып тағылды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды аумақтық бөлімшелерге арызбен жүгінуге шақырып отыр.

Соңғы жаңалықтар