Әлем • 09 Қаңтар, 2026

АҚШ Венесуэла мұнайынан 4 млрд доллар пайда тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Венесуэла мұнайын сату арқылы бір күнде 4 миллиард доллар табыс тапты. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да өсе береді. Бұл туралы Fox News телеарнасына берген сұхбатында Дональд Трамп мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

АҚШ Венесуэла мұнайынан 4 млрд доллар пайда тапты

Фото:depositphotos.com

Д.Трамп алдағы күндері Венесуэладағы жағдайға байланысты 14 ірі мұнай компаниясының басшыларымен кездесу өткізбек. Трамптың айтуынша, бұл кәсіпорындар Венесуэла өнеркәсібін қалпына келтіруге көмектеседі.

Deutsche Welle басылымының жазуынша, Мексика шығанағы жағалауында орналасқан көптеген америкалық мұнай өңдеу зауыттары Венесуэлада өндірілетін ауыр әрі күкірт мөлшері жоғары мұнайды өңдеуге маманданған. Бұған дейін олар аталған шикізатты ірі көлемде сатып алатын. Десе де Вашингтон енгізген санкцияларға байланысты жеткізілім көлемі қысқарған болатын.

Венесуэла бұл күйге қалай түсті?

Николас Мадуро биліктен шеттетілгеннен кейін, Ақ үй Каракас мұнай секторына қатысты шектеулердің бір бөлігін алып тастады.

Ал АҚШ Сенаты Трампқа конгрестің келісімінсіз Венесуэлаға шабуылдауға шектеу қойды. 

«Қара алтын» арзандаса, қазына ортаймай ма? Венесуэла факторының қазақ экономикасына әсері

 

Соңғы жаңалықтар