Аймақтар • Бүгін, 12:21

Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылындағы өрт сөндіру бөлімшесіне жаңа ғимарат салынады. 1985 жылы іргесі қаланған қазіргі ғимарат тозып, апатты жағдайда тұрған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады

Кеңес дәуірінде тұтынушылар одағының автокөлік гаражы ретінде бой көтерген бұл ғимараттың жалпы ауданы – 448 шаршы метр. Өрт сөндіру қызметіне арнап салынбағандықтан, қызметтік техникалардың кейбірі гаражға сыймайды.

«Тарбағатай» паркіне шетел ғалымдары аяқ басты

Сол себепті, қысы-жазы далада, ашық аспан астында тұрады. Жаңбыр жауса, қар ерісе ғимарат төбесінен су сорғалайды. Кетеуі кеткен нысанды жамап-жасқағанмен, пайда жоқ. Біріншіден әбден тозған, жөндеу шығыны шаш-етектен. Екіншіден, типтік ғимарат болмағандықтан өрт сөндірушілерге әртүрлі қолайсыздық туғызады.

«Қазіргі ескі ғимаратты мамандар тексерді, «апаттық жағдайға таяп тұр, ешқандай жөндеу жұмысы көмектеспейді. Жаңадан салған тиімдірек болады екен. Жобасы дайын, шамамен 1,5 млрд теңгеге шықты. Жаңа өрт сөндіру бекеті салынса төтенше жағдай кезінде көрсетілетін көмектің бәрін қамтуға мүмкіндік туады», деді Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев.

Облыс орталығынан шеткері жатқан шекаралық аймақ үшін бұл нысанның қаншалықты маңызды екенін ескерген өңір басшысы жаңа өрт сөндіру бекетін салуға қолдау көрсететінін айтты.

«Жағдайды көзіммен көрдім. Шынымен де ғимарат ескірген, тозып тұр екен. Жаңасын салу керек. Ең бірінші кезекте адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоршаған ортаны сақтауымыз қажет. Бұл орайда өрт сөндіру бекетінің атқаратын рөлі жоғары», деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

 

Түрленген Тарбағатай

Соңғы жаңалықтар