Фото: CTS
Жеңіл рельсті көлікті іске қосу және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін машинистерден бастап жол монтерлері мен күзет қызметкерлеріне дейін түрлі сала мамандары қажет. Компания болашақ мамандарды өз қаражаты есебінен оқытуға дайын.
LRT құрылысына бюджеттен 300 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды
Оқу процесі Астанада өтеді және 4 айға дейін созылады. Үміткерлердің техникалық білімі болуы және 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі талап етіледі.
Астанадағы LRT-ға қандай мамандар қажет: компания іріктеу жариялады
Барлығы 38 бос жұмыс орны жарияланған. Олардың қатарында еңбек қауіпсіздігі мен мүлікті басқару саласының мамандары, слесарьлар, энергетиктер мен электрмонтерлер, сондай-ақ диспетчерлер, өндіріс менеджерлері, шеберлер мен техниктер бар.
Айта кетейік, бұған дейін LRT жүйесі 2026 жылдың қыркүйек айында іске қосылатынын жазған едік.