Медицина • 13 Қаңтар, 2026

4 жасар сәбиді өлім аузынан алып қалды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының дәрігерлері 4 жасар балаға күрделі операция жасап, іш қуысынан үлкен көлемді қатерсіз ісікті алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

4 жасар сәбиді өлім аузынан алып қалды

Оның алдында іші қатты ауырып, құса берген балақай клиникалық балалар ауруханасына жедел жеткізілген еді. Сөйтіп одан қан сынамасы алынып, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізілді. Анализ нәтижесінде дәрігерлер операция жасау қажет деген шешімге келді. Науқас денсаулығының нашарлау себебі іш қуысының лимфангиомасы – сирек кездесетін, бірақ көлемі ұлғайған жағдайда ішкі ағзалардың қызметіне айтарлықтай қауіп төндіретін қатерсіз ісіктің пайда болуы еді. Ісіктің көлемі үлкен, операция күрделі болғандықтан хирургтар отада лапаротомия әдісіне сүйенді.

Операциядан кейін науқас бөлімшеге ауыстырылып, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Жағдайы біршама жақсарған соң үйіне шығарылды.

Алматыда омыртқа жұлыны кеселімен туған екі балаға күрделі ота жасалды

Мамандардың айтуынша, мұндай оталар асқан дәлдікті, кәсіби шеберлік пен  заманауи медициналық жабдықты талап етеді. Бұл орайда Шымкенттің медициналық ұйымдарында соңғы жылдары хирургиялық көмектің сапасын арттыруға, күрделі оталарды жергілікті жерде жасауға ерекше көңіл бөліне бастады.

Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жасалды. Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділованың айтуынша науқастар ауруханада тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ем алады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде медициналық қызметтер толық көлемде көрсетіледі.

Денсаулық сақтау саласының үздік 7 көрсеткіші аталды

Соңғы жаңалықтар